Референдумға қатысу құқығы бар азаматтар саны қанша?

17 Мамыр 2022, 11:58
1834
Бөлісу:
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтар саны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК басшысы Орталық референдум комиссиясының отырысында айтты. 

20 мамырдан бастап өз учаскелеріңізде сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі болады. Қандай да бір өзгеріс енгізу керек болса, сіздер референдум комиссиясына жүгіне аласыздар. Мұндай өтініштер сол күні бірден қаралады, - деді Әбдіров. 

Ол атағандай, республикалық реферндумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты.

Референдум учаскелік комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Тыңдалған есепке сүйенсек, барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Референдумға қатысу бар құқығы бар азаматтар тізіміне 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күнінде дайындығын қамтамасыз етуі керек, - деді ол. 

Әбдіров мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалуы керегін айтты. 

Қажет болған жағдайда инватакси мен сурдоаудармаларды ұйымдастыру керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы