Референдумда қандай бюллетень жарамсыз болуы мүмкін?

17 Мамыр 2022, 12:31
2346
Бөлісу:
Референдумда қандай бюллетень жарамсыз болуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК басшысының орынбасары Константин Петров  Орталық референдум комиссиясының отырысында айтты. 

Реферндум 5 маусым күні 10:00-де басталып 20:00-ге дейін созылады. 20:00-ден кейін дауыстарды санау процесі басталады. 

Жарамсыз бюллетеньдерге ешбір нұсқасы белгіленбеген, ұсынылған бюллетеньннен басқа нұсқа, учаскелік комиссияның қол қойылмаған бюллетеньдер жатады. Белгілі бір бюллетеннің жарамыз немесе жарамды екеніне күмән туса, мәселені референдумның учаскелік комиссиясы дауыс беру арқылы шешеді, - деді Петров.

Ол атағандай, жарамыз бюллетеньдер қатарына қарындашпен белгіленгендер де жатады.

Сонымен қатар нұсқалары түзетілген бюллетеньдер де жарамсыз болып есептеледі. Сондай-ақ түрлі-түсті қаламсаппен толтырылған бюллетень де жарамайды. Дауыс берудің нәтижесін комиссия қарап, оның нәтижесі бойынша протокол толтырады, - деді ол. 

Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы