Референдумда дауыс беру динамикасы жақсы – Тимур Козырев

5 Маусым 2022, 12:31
1061
Бөлісу:
Референдумда дауыс беру динамикасы жақсы – Тимур Козырев
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық бақылаушылардың ақпараттық орталығында өткен брифингте Халықаралық Түрік академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев дауыс беру динамикасы жоғары екенін айтты.

Бүгін 9 учаскені араладық. №25, №26 учаскеден бастап №309, 329 учаскеге дейін бардық. Бұл учаскелерде байқағанымыздай, белсенділік деңгейі ойдағыдай. Азаматтар дауыс беруге келіп жатыр. Көңіл-күйлері де жақсы. Референдум жақсы өтіп жатыр деп айта аламыз, - дейді Халықаралық Түрік академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев.

Ол сайлау учаскелерінде дауыс беру динамикасы жақсы екенін айтады.

Дауыс беру динамикасы жақсы екенін байқадық. Мысалы, сағат 9-да дауыс бергендердің саны шамамен 3-5% болса, ал сағат 10-ға қарай бұл көрсеткіш 20%-ға жақындады, - деп айтты шетелдік бақылаушы.

Оның айтуынша, басқа да ұйымдардың бақылаушылары жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ешқандай тәртіп бұзғандарды байқаған жоқпыз. Сол себепті дәл қазіргі кезде бәрі ойдағыдай өтіп жатыр деп айта аламыз, - деп толықтырды ол.

Халықаралық Түрік академиясынан Қазақстанда 3 бақылаушы жұмыс істеп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы