Референдум қазақ қоғамы үшін оң өзгерістердің басы болмақ – Ерлан Қарин

20 Мамыр 2022, 14:40
2201
Бөлісу:
Референдум қазақ қоғамы үшін оң өзгерістердің басы болмақ – Ерлан Қарин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты.

Мемлекеттік хатшы жиын барысында айналамызда болып жатқан  оқиғалар мен құбылыстарға сапалы сараптама жасау үшін оның сан алуан себебін ескере отырып, жан-жақты зерттеу керектігін айтты. Одан бөлек сарапшылардың талқылаулары мен пікір алмасуларын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Бүгінгі шараға Қазақстанның әр өңірінен саясаттанушылар жиналды. Конгресте көтерілетін бастамалар  өте өзекті, мазмұнды. Бүгінде Жаңа Қазақстан жаңа бағытта қадам басуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанның қандай болатынын анықтап берген болатын. Осы тұрғыда 5 маусым күні өтетін референдум қазақ қоғамы үшін оң өзгерістердің басы болмақ.  Конституциямызға заман талабына сай өзгерістер енгізіледі. Халық саяси өзгерістерге үн қосып, өз таңдауын жасайтын болады, - деді Ерлан Қарин.

Жиынға Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Әл-Фараби атындағы ҚзҰУ-дың басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, ғалымдар, сарапшылар мен еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев саясаттанушылардың кәсіби қоғамдастығы қалыптастырған ұсыныстар тек объективті ғана емес, тиімді де болуы керек екенін атап өтті.

Референдум қазақ қоғамы үшін оң өзгерістердің басы болмақ – Ерлан Қарин

Президент елімізде жаңа саяси, экономикалық реформаларды іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жаңа Қазақстан жаңа өзгерістерге қадам басуда. Конституциямызға заман талабына сай өзгерістер енгізіледі. Халық саяси өзгерістерге үн қосып, өз таңдауын жасайтын болады. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасау – әр азаматтың міндеті. Бұл ретте халықтың саяси сауатын арттыруда саясаттанушыларды ролі жоғары болуы тиіс. Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси тұрақтылықты нығайтудың қиын жолынан өтті. Бүгінде Қазақстанда саяси жүйені демократияландыру процесі жүзеге асырылуда. Уақыт талабына сай әлеуметтік-экономикалық реформалар қолға алынып жатыр. Алдағы референдум – қазақ қоғамы көптен күткен оң өзгерістердің басы болмақ, - деді Түймебаев.
 

Өзгелердің жаңалығы