Реакторға арналған 4 грамдық таблеткада 1 тонна көмірдің энергиясы бар - сарапшы

26 Қыркүйек 2024, 16:36
601
Бөлісу:
Реакторға арналған 4 грамдық таблеткада 1 тонна көмірдің энергиясы бар - сарапшы
Фото: Видеодан кадр

Атом саласындағы NucAdvisor консалтингтік компанияның сарапшысы Жан-Филипп Жерар реакторға арналған таблетка қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су-су энергетикалық реакторға (ВВЭР) арналған таблетка кішкентай болады. Оның салмағы - бар-жоғы 4 грамм, бірақ онда көп энергия бар. Мысалы оның күші 1 жыл бойы 250 ватт энергия өндіріп тұруға жетеді. Ал дәл осындай өлшемдегі кәдімгі батарея 1 сағат ішінде бірнеше ватт қана береді, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қалдықтар - бұл энергия өндірудің жанама өнімі. 

Көптеген өнеркәсіптен жанама өнімдер қалады. Жалпы энергия өндірісі болмаса, қалдық та болмас еді. Сондықтан қалдықтарды барынша бақылау керек. Бірақ ВВЭР реакторының таблеткасы кішкентай 4 граммдық зат. Оның ішінде 1 тонна, яғни 1 мың килограмм көмірге тең энергия бар. Сондықтан өндірілетін энергиямен салыстырғанда оның қалдық көлемі салыстырмалы түрде аз болады, - дейді Жан-Филипп Жерар.

Өзгелердің жаңалығы