Рауан Кенжеханұлы: Сапалы білім алу үшін бір ауысымды мектептің маңызы зор

27 Мамыр 2020, 11:34
2032
Бөлісу:
Рауан Кенжеханұлы: Сапалы білім алу үшін бір ауысымды мектептің маңызы зор
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңестің үшінші отырысы онлайн режимінде өтіп жатыр.

Ұлттық кеңестің бұл жолғы отырысында еліміздегі білім мәселесі, білім беру, мектеп, оқушылардың жағдайы сөз болды.

Ұлттық кеңес отырысында Рауан Кенжеханұлы еліміздегі мектептердің жағдайы мен қашықтан оқыту, мектеп құрылысы және мектеп жетіспеушілігі жайлы айтты.

Қазақстанда білім беру сапасын арттыруға басты кедергі – мектеп жағдайы деп ойлаймыз. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанға мектеп жетіспейді. Қазіргі таңда еліміздегі 7400 мектепте жалпы саны 3,5 миллионнан аса бала бар. Оның 70%-ы - екі ауысымда, ал 200 мың бала үш ауысымда оқиды, – деді ол.
Оның айтуынша, оқушылар толықтай бір ауысыммен оқу үшін елімізге әлі де 3000 жаңа мектеп қажет.
Бірақ біз талаптарына ұмтылып отырған елдердің ешқайсысында үш немесе екі ауысымда оқытатын мектеп жоқ. Ал сапалы білім беру үшін мектептің бір ауысымда жұмыс істеуі маңызды. Біздің есебімізше, орта білім беру жүйесін толықтай бір ауысымға өткізу үшін Қазақстанға шамамен 3 мыңдай жаңа мектеп қажет. Әрине, мұндай аса ауқымды мәселені мемлекет тек өз күшімен тез арада шеше алмайды. Біздің ұсынысымыз - мектеп салуға жеке қорларды кеңінен тарту, – деді ол.

Спикер қазіргі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралы және білім беруді жан басына қаржыландыру тетігі мектеп салуға жеке қаражатты, соның ішінде шетелдік қорларды тартуға мүмкіндік береді деп есептейді. 

Алайда, осы аталған тетіктер аясындағы бизнесті экономикалық тұрғыдан ынталандыру шаралары жеткіліксіз. Оларды қайта қарап, кеңейту қажет деп санаймыз. Сонымен бірге, дағдарыстан кейінгі экономиканы жандандырудың бір амалы ретінде мектеп құрылысын да қарастыруға болар еді. Ауқымды мектеп құрылысының экономика мен қоғамға ұзақ мерзімде берері мол екеніне сенімдіміз. Тиісті есептеріміз бен нақты ұсыныстарымызды Білім және ғылым министрлігіне бердік, - деді Рауан Кенжеханұлы.

Өзгелердің жаңалығы