Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» конференциясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ХБА іскерлік әкімшілендіру магистрі Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.
Рауан Кенжеханұлы жаңа дәуірде халқымызға ерекше қажет «Прагматизм – бәсекеге қабілеттілік кепілі» деген қағидаға тоқталды. Баяндамашы прагматизм – бәсекеге қабілеттіліктің кепілі, қазіргі өмірге қажетті мінездің өзегі екенін атап өтті. Прагматизм үнемшілдік, ұстамдылық, уақытты ұтымды пайдалана білу дегенді білдіреді.
Прагматизм туралы айтатын болсақ, прагматизм өмір сүру сапасына, қоғамның дамуына және жаңа дәуірге қарай қозғалыстағы басты ұстаным екенін түсіну керек. Мағынасыз амбициялардан арылу керек, мағынасыз шығындардан, пайдасыз әрекеттерден, жаман әдеттерден және т.б. Осы көзқарасты ұстанған қазақстандық қоғам жаңа заманауи мәдениетті құра алады. Бұл әлемдік ғылым мен техниканың барлық заманауи идеялары мен жаңалықтарын бойына сіңірген мәдениет болады және мұнымен бірге ол халықтың тарихи дәстүрлері мен құндылықтарына негізделеді. Сонда халықтың білім деңгейінің жоғарылауымен адами капиталды дамыту үшін тамаша жағдайлар жасалатын болады, сайып келгенде, біздің бүкіл дамуымыздың табысы осыған байланысты болады, – деді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, қазір интернетте қазақша контент белсенді түрде насихатталып жатыр.
Бұл көп еңбекті қажет ететін процесс – мазмұнды аудару және оның локализациясы. Тілі қызықты, мазмұны жағынан қызықты әрі бәсекеге қабілетті. Бұл мазмұнды құрудың және оны таратудың негізгі құралы – әліпби. Сондықтан бұл құрал қолдануға ыңғайлы және тиімді болуы керек. Бұл жаңашылдық немесе белгілер қосымша қиындықтар тудырмауы үшін әліпбидің прагматикалық болғанын қалаймыз. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту үшін технологиялық прагматикалық және өте маңызды шешім, – деді ол.