Рақымшылыққа іліккендер қай салада жұмыс істей алмайды?

3 Қараша 2022, 13:22
896
Бөлісу:
Рақымшылыққа іліккендер қай салада жұмыс істей алмайды?

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рақымшылыққа іліккен адамдар ақталған болып есептелмейді. Бұл оңалту негіздеріне жатпайды. Сондықтан рақымшылық түрінде жазадан босатылған тұлғалар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар, - деп түсіндірді Әсет Шындалиев Сенаттың отырысынан кейін кулуарда өткен брифинг кезінде. 

Сондай-ақ ол бұл қандай шектеулер екендігіне тоқталып өтті. 

Атап айтқан, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық акті қолданылған тұлғалар мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау қызметіне де жұмысқа тұра алмайтындығын қарастырылады. Олардың туыстарына бұл шектеулердің мүлдем қатысы жоқ, - деді Бас прокурордың орынбасары. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Президенттің тапсырмасымен әзірленіп, қабылданған бірреттік рақымшылық жасауға қатысты заң 2022 жылғы 4 және 7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық әрекеттер жасағандар мен арандатушылардың ықпалына ерген тұлғаларды жазасын өтеуден босатылуға бағытталған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа іліккендердің бостандыққа қашан шығатыны туралы сұраққа жауап берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы