«Рәміздер рухы – Конституция күші»: Мемлекеттік рәміздерге қатысты жаңа ережелер түсіндірілді

Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларындағы өзгерістер талқыланды

13 Шілде 2026, 13:43
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 13 Шілде 2026, 13:43
13 Шілде 2026, 13:43
188
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты республикалық конференция өтті.

Жиында Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мәтінін пайдалану мен орналастыру қағидаларына енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, геральдика саласының мамандары, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, ғалымдар мен еліміздің өңірлерінен келген сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында жаңартылған қағидалардың негізгі талаптары түсіндіріліп, оларды іс жүзінде қолдану тетіктері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 35 жылдығын атап өту тұжырымдамасы қаралды. Осы мерейтойға арналған іс-шаралар жоспарын 2027 жылы Үкімет деңгейінде бекіту жоспарланып отыр.

Наверх