Рамазан Абилев: Қазақша білсең - қазақша өмір сүресің!

19 Қыркүйек 2023, 15:43
1761
Бөлісу:
Рамазан Абилев: Қазақша білсең - қазақша өмір сүресің!
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Шаңырақтың" бүгінгі мейманы - түрік бауырымыз, Түлкібастың түлегі, Астананың асабасы Рамазан Абилев. "Мен туған ауылда қазақ пен түрік бөлінбейді, тілі де араласып кеткен. Біздің ауылдың қазағы түрікше, түрігі қазақша сөйлей береді" деп бастаған Рамазан қазіргі қазақ қоғамының көптеген мәселесіне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзі етене араласып жүрген шоу бизнес, қазақ тойындағы қызықтар мен келеңсіздіктер, жүрген ортасындағы қазақ тілінің жағдайы, балабақшадағы қазақ тілі мен бала тәрбиесіндегі кездескен қиындықтары төңірегінде тұшымды әңгіме өрбітті.

"Бір әулеттің аса сыйлы ақсақалын көрдім. Ұлы да, қызы да, бүкіл отбасы қазақы, бар болмысымен қазақ жандар. Алайда, барлық немересі атасымен орысша сөйлеседі" деген кезде Рамазанның әңгімесі қатты ойға батырды.

Десек те, "мен қазақтың тілінің арқасында осы дәрежеге жеттім, қазақша сөйлеу - мәртебе болуы керек" деген сөзіне сүйсініп, Рамазанға қатты риза да болдық.

Сонымен, құрметті оқырман, түрік жігітінің қазақ тіліне деген ыстық ықыласына куә болғыңыз келсе, мархаббат!

"Шаңырақтың" өткен санында Ұлттық арнаның дикторы, қостанайлық Алла Гаврина болған еді.

Өзгелердің жаңалығы