Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды

18 Тамыз 2022, 21:11
928
Бөлісу:
Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, Шардара АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, танысы 2020 жылдың желтоқсан айында қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Шардаралық тәртіп сақшылар тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Алматы қаласының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Өзгелердің жаңалығы