Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

1 Наурыз 2023, 17:15
731
Бөлісу:
Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты
PHOTO
Фото: автордан автордан

Қызылжарлық жастар күн сайын қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық қызмет жұмысшыларына бауырсақ таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстандағы тілшісі.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Еріктілер осылайша күндіз-түні еңбектенетін жандарға алғыс білдірді.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Ербол Қожахметов – трактор жүргізушісі. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда оның жұмыс күні басталады. Өйткені тұрғындар таңертең еш кедергісіз діттеген жеріне жетуі шарт.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Қыста қар тазаласақ. Жазда көшелерді сыпырамыз. Көктайғақ кезінде жолға құм-тұз қоспасын төгеміз. Біз кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында жұмысқа шыға береміз. Өйтпесек, құала көшелері қарға толып, адамдар аяқ алып жүре алмай қалады, шағым да көбейеді. Жұмысым өзіме ұнайды. Себебі көпке пайдам тиіп жүр, - дейді Ербол.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

15 ерікті 20 келі бауырсақ таратты. Өздерімен бірге термоспен ыстық шай да ала шыққан. Бүгін көктемнің алғашқы күні болса да, теріскейде қыс аяқталған жоқ. Жұмысшылар тоңып қалғанын жасырмады. 

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Бүгін көшеде осындай дім таратылады деп ойлаған жоқпыз. Жастардың біздің еңбегімізді елеп жатқанына қуанып қалдық. 6 жылдан бері коммуналдық қызметте жұмыс істеп жүрмін. Осындай құрметті алғаш рет көріп тұрмын, - дейді көше тазалаушы Балта Жанболатов.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Ерікті Әнел Ысмағұлова көше тазалаушылардың еңбегі елене бермейтінін айтты.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Көше тазалаушылардың еңбегі елене бермейді. Біз таңерең сабаққа, жұмысқа шыққанда айнала тап-таза болып тұрады. Бәрі өздігінен жиналғандай. Оның сыртында қаншама адамның төгілген бері жатыр. Сондықтан біз коммуналдық қызмет өкілдеріне дәм беруді ұйғардық, - дейді ол.

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты

Облыс орталығында күн сайын 70 бірлік техника жұмысқа шығады. 120-дан астам адам еңбек етеді. Қыс басталғаннан бері 240 мың текше метр қар шығарылды. 

Қызылжарлық еріктілер көшеде бауырсақ таратты
Өзгелердің жаңалығы