Қызылтас шатқалындағы петроглифтер мемлекет қорғауына алынды

4 Қазан 2024, 04:17
307
Бөлісу:
Қызылтас шатқалындағы петроглифтер мемлекет қорғауына алынды
Фото: gov.kz

Жетісу облысындағы Қызылтас шатқалында "Таза Қазақстан" аясында экоакция өтті. Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық қоғамдық даму басқармасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Талдықорған қаласында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, қала әкімі Ернат Бәзіл, қоғам белсенділері, өңір жастары, эко-еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты.

Шара барысында Қызылтас аумағындағы бірегей петроглифтер жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілгендігі туралы тақта орнатылды.

Осы орайда өңірдің экобелсендісі Динара Бакирова тасқа қашалған петроглифтерді тарихтан сыр шертетін ескерткіш ретінде қорғауға алғаны үшін Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына өз алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы