Қызылордалық оқушы асқабақтан сабын жасады

6 Қаңтар 2023, 15:56
1646
Бөлісу:
Қызылордалық оқушы асқабақтан сабын жасады

Қызылордалық оқушы қыз асқабақтан бетке қолданатын маска мен сабын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылордадағы Әли Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Айша Тұрмахан кезекті байқау барысында өз жұмысын таныстырған. Және ол  2-7 сынып оқушылары арасында облыстық "Зерде" зерттеу жобалары байқауында бірінші орынды иеленді.

Айша жетекшісі Мөлдір Жандосқызымен бірге қазылар алқасына бет маскасының екі түрін – шикі және қайнатылған асқабақтан және асқабақ қосылған сабынның үш түрін (біріншісі — әр түрлі майлары бар экосабын, екіншісі — желатин қосылған және үшіншісі – сұйық) таныстырды.

Қызылордалық оқушы асқабақтан сабын жасады

Өздеріңіз білетіндей, асқабақтың құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, қышқылдар және басқа микроэлементтер бар. Осы қасиеттердің арқасында асқабақ маскалары терінің сұлулығы мен жастығын сақтауға көмектеседі.

Қызылордалық оқушы асқабақтан сабын жасады

Айшаның анасы Бақыт Орданова айтқандай, қыз өте талантты және ізденімпаз. Ол вокал сыныбы бойынша өнер мектебінде оқиды. Әр түрлі ән байқауына қатысады және жүлделі орындарға ие болады. ҚР Тәуелсіздік күніне орай Айша оқушылар тобымен бірге Алматыға республикалық ән байқауына барды. Айша екі ән орындады, біреуі гран-при, екіншісі бірінші орын алды. Сондай-ақ ол шет тілдерді үйренуді ұнатады, орыс және ағылшын тілдерін жақсы біледі.

Өзгелердің жаңалығы