Қызылордада жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

7 Тамыз 2023, 16:03
1894
Бөлісу:
Қызылордада жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, 7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. 

Қызылордада жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті "Үбіс" каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қызылордада жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды
Өзгелердің жаңалығы