Қызылордалық полицейлер жаппай төбелесті тоқтатты. Полиция 18 азаматты ұстады, деп жазады BAQ.KZ Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтарымен және жедел-тергеу тобымен төбелес тоқтатылды. Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды, - делінген хабарламада.