Қызылордада заңсыз кортеж ұйымдастырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды

18 Қараша 2026, 13:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 18 Қараша 2026, 13:35
18 Қараша 2026, 13:35
45
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады. Таралған бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде заңсыз кортежге қатысқан 8 жүргізушінің жеке басы нақтыланды.

Тексеру барысында жүргізушілердің жолда қауіпті маневрлер жасап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргені белгілі болды.

Құқық бұзушылардың барлығы – Қызылорда қаласының 20-25 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, авариялық жағдай туғызу және жол қозғалысы талаптарын сақтамау деректері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар сот шешімімен 3 азаматқа ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салсақ, кеше Шымкентте заңсыз кортеж ұйымдастырған бес жүргізуші жауапқа тартылды. Барлық бес автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ, көлік нөмірін бантикпен жасырған жүргізуші полицияға ұсталды. Түркістан облысында полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні камера арқылы анықтады. Көліктен тағы бір заңсыз құрылғы табылды.

Тағы оқи отырыңыз: TikTok үшін көлікпен тротуарға шыққан: Таразда 20 жастағы жүргізуші жазаланды 

Наверх