Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді.
32 апталық болып өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.
1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды.
Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi.
Сәбилердің анасы 32 жастағы Бекбаулы Мөлдір, әкесі – 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының Баймановтар отбасы бұған дейін де екі бала тәрбиелеп отырған.