Қызылордада улы кене шаққан 4 адам қайтыс болды

20 Шілде 2022, 11:37
1485
Бөлісу:
Қызылордада улы кене шаққан 4 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар жазғы уақытта табиғатта демалу кезінде кенелерге қарсы арнайы репелленттерді қолдануға, сондай-ақ жабық ақ киім киюге кеңес берді.

Қызылорда облысында вирус өршіп тұр. КТК хабарлағандай, Конго-Қырым қызбасынан 30 жастан асқан үш ер адам мен 11-сынып оқушысы көз жұмған.

Өлім-жітім Жалағаш, Шиелі аудандарында және облыс орталығында тіркелді. Қауіпті диагнозы расталған өңірдің тағы 10 тұрғыны қазір емделуде. Оған қоса, байланыс шеңберінде болған 211 адам дәрігерлердің бақылауына алынды.

Биылғы жазда кене шағу жағдайларының саны үш есе өсті. Конго-Қырым қызбасын дәл солар тасымалдайды. Вирустың таралу картасы да өсуде.

Науқастармен байланыста болған 211 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың арасында ауру анықталған жоқ. Барлық ошақтарда энтомологиялық зерттеулер мен дезинфекция жүргізілді, – дейді Қызылорда облысының ЭСЖК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Айман Жанахаева.

Өзгелердің жаңалығы