Қызылордада суға кеткен студенттің денесі табылды

2 Шілде 2023, 21:15
465
Бөлісу:
Қызылордада суға кеткен студенттің денесі табылды
Фото: Нұркен Алишев

Қызылорда облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы жағдай 29 маусым күні сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданының 102-ші разьезінде болған. Төтенше жағдайлар қызметіне сол аумақтағы Сырдария өзеніне 20 жастағы жігіт суға батып кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Суға батқан адам 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұрғыны. Облыс орталығындағы «Болашақ» университетінің 2-курс студенті екені анықталды, - дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің мамандары жұмыс атқарды. Нәтижесінде марқұмның денесі үш күннен кейін табылды.

Өзгелердің жаңалығы