Қызылордада сейсмикалық қауіптің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

11 Наурыз 2023, 12:53
826
Бөлісу:
Қызылордада сейсмикалық қауіптің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті
Фото: ortcom.kz

Қызылорда қаласында сейсмикалық қауіптің алдын алу бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Қалалық ТЖБ оқу-жаттығу жұмыстарынҚызылорда қаласы білім бөліміне қарасты N5 мектеп-гимназиясында ұйымдастырды.

Жедел құтқару жасағы мен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, ішінде қалған зардап шеккен оқушылар мен қызметкерді ғимараттан сыртқа алып шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел топтар мен арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығуға 25 қызметкер 8 техника атсалысты. Сонымен қатар оқу-жаттығуға Жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті полиция және медициналық апаттар орталығының мамандары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы