Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

21 Қараша 2023, 11:53
422
Бөлісу:
Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: Нұркен Алишев - архив

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан. 

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына "Baiqa, piramida!" телеграмм боты арқылы тексере аласыз. Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы