Қызылордада медицина мамандары тапшы

19 Қыркүйек 2022, 17:34
1374
Бөлісу:
Қызылордада медицина мамандары тапшы

Қызылорда облысындағы Денсаулық сақтау ұйымдарында реаниматолог, инфекционистер тапшы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде 100-ден астам дәрігер жетіспейді. Сондай-ақ тәжірибелі сурдопедагог, логопед және дефектологтардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Сол себепті аймақтағы құлағының мүкісі бар 50 шақты бала 2 жылдан бері есту аппаратының қосалқы бөлшегін ауыстыра алмай жүр. Ішкі құлақ иірімінің, жүйке талшықтарына, акустикалық ақпарат беруді қамтамасыз ететін кохлеарлы имплантация орнатқан науқастар құрылғының күйін келтіретін маманға зәру.

Сырбойылық өрендер есту аппаратын жөндету үшін ірі қалалар, тіпті алыс-жақын шетелге баруға мәжбүр. Кадрлық дефицитті жою мақсатында қызылордалық 100 түлек отандық медициналық университеттерде арнайы тапсырыспен оқытылып жатыр. Сондай-ақ 30 шақты студент резидентуралық білімін жетілдіру үстінде.

Өзгелердің жаңалығы