Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 52 адам ұсталған

7 Қыркүйек 2023, 03:20
500
Бөлісу:
Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 52 адам ұсталған
Фото: архив

Есірткі алқаптарын анықтау мақсатында 7 дрон аппараты жұмылдырылса, есірткі тасымалдау арналарын анықтау, жолын кесу үшін 212 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Облыс бойынша осы күнге дейін есірткі өсірумен айналысқан 52 адам ұсталып, оның 20-сы қамаққа алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 маусым 31 қазан аралығында Республика көлемінде "Қарасора – 2023" арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – есірткіге еліткендерді анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіп-баптауының алдын алу, героин трафигін жою. Сонымен қатар, қарасораның жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Қызылорда облысының Полиция департаментінен барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, 1 дрон және жергілікті әкімдіктен 6 дрон аппараты жұмылдырылса, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, 5 автокөлік бөлінді, әуеден шолу жүргізу үшін әскери тік ұшақ жұмылдырылды.

Іс-шара кезінде барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру дерегі анықталып, заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 келі есірткі заты алынса, оның 54 келісі – марихуана, 66 грамы – гашиш және 109 грамы – "меф", "PVP" синтетикалық есірткі заттары. Сонымен қатар, бір атыс қаруы алынды, - дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дуненов.

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша есірткі өсірумен айналысқан 52 адам құрықталып, оның 20-сы қамаққа алынды. Облыс орталығына есірткі тасымалдау арналарын анықтау, жолын кесу мақсатында қала аумағына орналастырылған жылжымалы мобильді бекеттерде есірткі тасымалдаудың 6 дерегі, қару сақтаудың 2 дерегі анықталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы