Қызылордада бояу кітапшалары шығарыла бастады

14 Қараша 2022, 11:54
949
Бөлісу:
Қызылордада бояу кітапшалары шығарыла бастады

Қызылордалық  баспа үйі «Балапан» телеарнасымен бірігіп балаларға арналған бояу кітапшаларын шығара бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бояу кітапшаларында қаралымы жоғары «Сиқырлы тас», «Әл-Фараби» мультсериалдары бойынша шығарылған. 

«Сиқырлы тас» мультсериалы балалардың көкжиегін кеңейтуге, ақпараттық танымын жетілдіруде маңызы зор. Ал, алты жастан асқан балаларға арналған «Әл-Фараби»  мультсериалы ұлы ғалымның өмірімен танысуға, қанатты сөздерін ұғынуға мүмкіндік береді.

Қызылордада бояу кітапшалары шығарыла бастады

Бүгінгідей цифрландырылған телефонға тәуелді заманда осындай бояу кітапшаларының шығуы баланың көңілін басқаға аудартып, телефон тигізер зияннан қорғары анық. Әлеуметтік желі қолданышулары да бұл ойыммен келіскен сыңайлы. Баламыздың ой-өрісін дамыту үшін бояу кітапшаларын сатып аламыз. Өзіміздің отандық телеарнадағы мультфильмдерді көріп, неге шығармайды деп ойлаушы едік. Мына жаңалықты естіп, қуанып отырмын. Енді, балам тек бояу арқылы дамып қана қоймайды, бабалардың қанатты сөзімен танысып рухани азық алады,- дейді Жадыра есімді қолданушы.

Сондай-ақ, кітапшада орналасқан QR белгісін сканерлеу арқылы балалар кез келген уақытта сериалды көре алады.

Неде болса, балалар жылында балаларға жасалған үлкен тарту болғаны сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы