Қызылордада ауыл мектебінің шәкірті жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

28 Қаңтар 2024, 07:45
406
Бөлісу:
Қызылордада ауыл мектебінің шәкірті жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті
Фото: видеодан скрин

Қазақ джи-пи-ти деп аталатын жоба шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.

Ауыл оқушысының цифрлық технологиядағы тың идеясы бірнеше байқауда дара шыққан. Көне дәуірдегі қазақ даласы, жасанды интеллект осындай есте жоқ ескі заманның кескінін көз алдыңа әкеледі. Ең бастысы, кез келген қазақ тіліндегі сауалға жауап алуға болады. Оқушы Асылжан Абдуллаев жасаған жобаның артықшылығы осы.

Бұл бағдарламаны телефон қосымшаларынан пайдалануға болады. 16 жастағы жасөспірімнің идеясы шетелдік мамандардың қызығушылығын тудырған.

Рендел Брюнс деген Қазақстандағы АҚШ-тың стратегиялық эдвайзері бар. Сол кісінің алдында қорғаған болатынмын "Қазақ GPT"-ді. Өте керемет пікір берді. Одан бөлек менің ең биік жетістіктерімнің бірі жобалардың жаңашылдығы, қайталанбас жетістік, - деді оқушының өзі.

Өнертапқыш жасөспірім Тереңөзек кентіндегі мектепте оқиды. Оның компьютерді терең меңгеруге деген қызығушылығы 5 жасынан басталған.

Телеарна мәліметінше, жасанды интеллект бұйрықты бұлжытпай орындайды. Сурет салады, дыбыстап жауап береді, мәтін жазып, есеп те шығарады. Жоба бірнеше республикалық, халықаралық байқауларда үздік атанып, Асылжан Абудллаев Астана IT университетінің грантын жеңіп алған. Қазір бұл бағдарламаның 2 мыңнан аса қолданушысы бар.

Ал Асылжанның ендігі арманы – Кореяның Сеултех университетінің грантына ие болу және цифрлық технологиядағы ізденісін тереңдете түсу.

Өзгелердің жаңалығы