Қызылордада «Анаға тағзым» орталығы жұмысын бастады

2 Қазан 2023, 03:45
1035
Бөлісу:
Қызылордада «Анаға тағзым» орталығы жұмысын бастады
Фото: gov.kz

Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында «Анаға тағзым» орталығы ел игілігіне табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашылу салтанатында облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін құттықтады.
Аналар құрметіне бой көтерген «Анаға тағзым» орталығы аймақ жұртшылығына танымал меценаттың демеушілігімен салынды.

Президент тапсырмасына сәйкес «Анаға тағзым» орталығы ғимаратынан «Әйелдердің креативті индустрия орталығы» жұмысын бастайды. Қолынан іс келетін, жаңаша ұлттық брендтерді ойлап тауып, экспорт дамуына үлес қосатын арулар бір жерге шоғырлануына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да жағдай жасалмақ. Мұнан бөлек, ғимаратта «Мирас» әжелер клубы, «Ұлт жақұты» музей залы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Сырғалым» сырласу клубы, «Жас отау» жас отбасылар мектебі, «Ана тілі» дебат клубы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы