Қызылордада 600 орындық білім ошағы ашылды

5 Қазан 2023, 22:25
477
Бөлісу:
Қызылордада 600 орындық білім ошағы ашылды
Фото: архив

Қызылордадағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында тұрғындар көптен күткен жаңа мектеп ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

600 орындық білім ошағы облыстың 85 жылдық мерейтойына орай тарту етілді. Бұл шаһардың шет аумағында ораналасқан елдімекендегі алғашқы білім беру нысаны.

Аталған мөлтек ауданға тұрғындар 2016 жылдан бастап қоныстанған. Содан бері халық саны артып, бүгінде қаланың шет аумағындағы үлкен елдімекенге айналды. Осы кезге дейін бәйтеректік балалар қаладағы мектептерге қатынап оқып келді. Ал тұрғындардың басты талабы білім ошағы еді. Енді міне, бұл мәселе оң шешімін тауып, заманауи мектеп есігін айқара ашты.

Барлық сынып заман талабына сай жабдықталған. Қазіргі таңда ықшам ауданда тұратын 300-ге жуық бала жаңа мектепке ауысып, білім алып жатыр. Сондай-ақ, елдімекен ішінде балаларды тасымалдауға екі автобус қаралған. Жалпы білім саласындағы байыпты бастамалар әлі де жалғасын табады.

Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында өңірімізде құны 100 млрд теңгеге жуық 12300 орындық 21 мектеп салынуда. 10 мектептің құрылысы басталды. Оның 5-еуі облыс орталығында салынуда. Сол мектептердің бірі осы Бәйтерек мөлтек ауданында бой көтерді, - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Өзгелердің жаңалығы