Қызылордада 25 пәтерді тонаған ұры ұсталды

17 Қаңтар 2024, 12:44
402
Бөлісу:
Қызылордада 25 пәтерді тонаған ұры ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қызылордада қылмыс жасаған пәтер ұрысы  құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кезекті ұрлық жасау іс-әрекеті кезінде қолға түскен. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ол үй терезелерін күштеп ашып, үй иелерінің бағалы бұйымдарын қолды қылған. Қызылорда облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған азамат Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті аймақтағы 25 пәтерге ұрлық жасап, 19 миллион материалдық шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ұрының басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде екенін айтады мамандар.

Өзгелердің жаңалығы