Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға 2026 жылғы 2 ақпанда сағат 13:45 шамасында Сырдария ауданының Шаған ауылы тұсындағы Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент тас жолында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тереңөзек кентінен Ақжарма ауылына қарай бағыт алған Audi 80 автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Шекара қызметі департаментіне тиесілі "Урал" қызметтік көлігімен соқтығысқан.
"Урал" көлігінде жүргізушіні қосқанда, 23 әскери қызметкер болған.
Оқиға салдарынан Audi автокөлігі өртеніп, 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Кісі өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға үндеді.