Қызылордада 134 отбасыға баспана кілті табысталды

14 Наурыз 2024, 15:54
302
Бөлісу:
Қызылордада 134 отбасыға баспана кілті табысталды

Қызылордада мереке қарсаңында баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Амал мерекесі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде 134 отбасыға тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен және алдағы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», – деп атап өткен болатын. Халықты баспанамен қамту еліміз үшін негізгі басымдықтың бірі десек, өңірде бұл бағытта тындырымды тірліктер атқарылуда. Өткен жылы аймақта 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мыңнан астам тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы, жайлы өмір сүруінің кепілі болып саналатын баспанамен қамту жұмыстары биыл да қарқынды жүруде. Бюджет қаражаты есебінен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй салынады. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Жыл басында Тасбөгет кентінде 38 отбасы баспаналы болса, бүгін міне, өздеріңіздің қатысуларыңызбен 134 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл – мемлекеттің тұрғындарды қолдауының нақты көрінісі, – деді аймақ басшысы.

Қызылордада 134 отбасыға баспана кілті табысталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталмыш көпқабатты тұрғын үйді «СК Данекер» ЖШС салған. Баспана әлеуметтік жағынан осал отбасыларға берілді.

Қызылордада 134 отбасыға баспана кілті табысталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі 

 

Өзгелердің жаңалығы