«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылады

7 Желтоқсан 2023, 13:20
759
Бөлісу:
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобаның құны 108 млрд 500 млн теңгені құрайды. Қазір Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталған.

Биыл республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 38 млрд 500 млн теңге бөлініп, ұзындығы 671 шақырымды құрайтын жолдарымыз жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті. 2024 жылы сапалы жолдардың үлесі 92 пайызға жетеді,-деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы