Қызылорда облысының полиция департаментінде қайғылы жағдай орын алды

3 Қараша 2022, 02:29
1029
Бөлісу:
Қызылорда облысының полиция департаментінде қайғылы жағдай орын алды

Қызылордада құрылыс алаңында қайғылы жағдай орын алып, темір саты әйелдің басына құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 2 қарашада болған. Қызылорда облысының полиция департаментіне қарасты емханада жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде темір саты әйелдің басына түсіп, алынған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу)  бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы