Қызылорда облысында "Теннис орталығы" мекемесі құрылды

28 Мамыр 2023, 05:20
587
Бөлісу:
Қызылорда облысында "Теннис орталығы" мекемесі құрылды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы жанынан арнайы "Теннис орталығы" дербес мекеме болып құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа орталық Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қазақстан Республикасы теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың қолдауымен құрылған.

Қазіргі таңда орталықта 104 бала тегін тенниспен шұғылданып, халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр.

Аталған мекемеде қосымша үстел теннисі және бадминтон спорт түрлерінен бөлімшелер ашылып жұмыс істейді.

Теннис мектебі қосымша жаттықтырушы-оқытушылар штаттармен, спортшылардың жарыстарға қатысу шығындарымен қамтамасыз етіліп, Қызылорда облысында теннис спортын жан-жақты дамыту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын мекемені шығындарына қосымша 180 миллион теңге бөлінеді

Өзгелердің жаңалығы