Қызылорда облысында құрдасын өлтіріп алған жасөспірімге қатысты үкім шықты

21 Қазан 2024, 14:44
776
Бөлісу:
Қызылорда облысында құрдасын өлтіріп алған жасөспірімге қатысты үкім шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған бала құрдастарымен жанжалдан кейін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Белкөл кенті орта мектебінің оқушылары тұрғын үйлердің бірінің кіреберісіне жиналып, сотталушы кәмелетке толмаған О. жәбірленуші кәмелетке толмаған А.-мен жанжалдасып, кеуде аймағына екі соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші жүректің рефлекторлық тоқтауын алып, оқиға орнында көз жұмған, - делінген Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Кәмелетке толмаған сотталушы О.өз кінәсін ішінара мойындады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіге соққыдан "кеуде қуысының жабық жарақатынан жүректің рефлекторлық тоқтауы, жіті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі" жарақаты келтірілгені анықталды.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы О. ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы