Қызылорда облысында Құмсай бөгетін су шайып кетті

11 Наурыз 2024, 00:38
8121
Бөлісу:
Қызылорда облысында Құмсай бөгетін су шайып кетті
Фото: Арал ауданы әкімдігі

Қызылорда облысы Арал ауданында жауын-шашын салдарынан және еріген қар суының көптігінен Арал ауданындағы Құмсай бөгетінің бір бөлігін су шайып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөгеттен 2 шақырым қашықтықта орналасқан Сексеуіл кентіндегі автожолдар мен өзге нысандарды су басу қаупі жоқ.

Жауын-шашын және еріген қар суының мол жиналуынан Құмсай бөгетінің бір бөлігін су шайып кетті. Мол су Тербенбес қырқасының жанындағы сайға су ағуда. Кенттегі автожолдар мен халық шаруашылығы нысандарын су басу қаупі жоқ. Бұдан бөлек, «Бозой-Шымкент» газ құбырына қызмет көрсететін техникалық жолды су шаюы Ақеспе елдімекені халқының жол қатынасына қиындық тудырып отыр. Осы ретте табиғи құбылыс салдарынан болған уақытша жағдай ауыл тұрғындарына түсіндірілді, - деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.

Арал ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, әкімдік тарапынан тиісті мекемелер мен жауапты сала басшыларына мәселені қатаң бақылауда ұстап, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы