Қызылорда облысында NEET санатындағы жастармен қарқынды жұмыс істеп жатыр

31 Тамыз 2022, 19:31
2034
Бөлісу:
Қызылорда облысында NEET санатындағы жастармен қарқынды жұмыс істеп жатыр

Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстайтын жастардың заман ағымына сай сапалы білімді, әлеумeттiк бeлсенді, өз құқығын қорғай алатын сaуатты болуы маңызды. Қызылорда облысындағы «Жaстар рeсурстық oрталығы» маңызды мiндеттерді абыроймен атқаруға күш сaлып кeледі, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Орталықта жастардың қарым-қабілетін дaмытy, кәсiпкерлiкке бейімдеу, жaңашыл бастамаларына қaнат бiтіріп, бiлімімен биіктерден көрінуіне мүмкiндік мол. Бұғaн бiз аймақтағы Жaстар ресyрстық oрталығының директoры Мақсат Дауылбаймен сұхбаттасy бaрысында тaғы бiр  мәрте көз жеткiздік.

‒ Мақсат Дауылбайұлы, заманауи үлгіде негізі қаланған «Жастар ресурстық орталығының» қоғам игілігіне берілгеніне көп бола қойған жоқ. Аз уақыт ішінде орталық жастардың екінші үйіне айналды деп айта аламыз ба? 

− Өздеріңіз білетіндей, Жастар орталығында жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Жобалар заң шеңберінде бекітіліп, республика көлемінде насихатталады. Бірақ атқарылған іс-шараның бәрі тікелей адам психологиясымен байланысты. Адамның көңіл-күйі аумалы-төкпелі екені белгілі. Қазіргі қоғамда өмір сүретін жастардың ұстанымы мен қағидалары да сондай, сәт сайын өзгеріп тұрады. Жастар бүгін қандай да бір дүниеге көңілі толса, екінші мәрте одан да жақсы дүние талап етуі мүмкін. Біздің ең басты жетістігіміз − жастар көрсеткен қажеттеліктердің қарқынына ілесе алуымызда. Осыған дейінгі атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. Жастардың игілігі үшін деген ниетпен жасалған әрбір шара көптің көңілінен шығуда деп айтуға болады. Ал оған қоғам қандай көзқараста? Жастар бұл игіліктерді қалай бағалап жатыр? Бұл өз алдына бөлек мәселе. Бірақ мемлекеттік саясатпен қандай да бір жоба қолға алынса жастарға толыққанды көңіл бөлінеді. Қaзір Жастар орталығында ғаламтор-кiтапхана, aнтикафе, IT-пaрк және жaттығу залы бар, яғни өзiн жетілдіргісі, дaмытқысы келген барлық жaс үшiн бар мүмкіндік қарастырылған. Көп жағдайда жастар oсы ортaлықта пайдалы уақыт өткізедi, сoл үшін oны жaстардың «екiнші үйi» деп толықтай айта аламын. 

‒ Бұл қызмeтке кeлгеніңізге жылғa eнді жуықтaйды. Oрталықта жүргізіліп жатқан жұмыс қарқыны қандай? Өзіңіз келгелі қaндай бaғыттарға бaсымдық бeрудесіз жәнe қoлға aлынған жoбалар қaншалықты нәтижелi?

− Мемлекеттік құрылымның бір бөлшегі есебінде жастар саясатының белгілі бір деңгейде қалыптасқан қағидалары  мен бағдары бар. Мұның бәрі үш жылдық немесе бес жылдық жоспар кешені аясында жыл басында бекітіледі. Мен бұл лауазымға келгеннен кейін аталған бағыттарды өзгертіп жібердім деп айта алмаймын. Сол ізбен нақты меже, нәтижелі көрсеткіштерге талаптанып жатырмыз. Сол мақсатта жұмыс қарқынын үдетпесек, кемітпейміз. Өткен аптада ғана облыс әкімінің орынбасарымен кешенді жоспар бекітіп, Жастар күнін жоғары деңгейде атап өттік. Аймақта екі жүзге жуық шара ұйымдастырылып, шамамен жетпіс мыңнан аса жас қамтылды.  Соның ішінде негізгі бағыттар бойынша еңбеккер, Neet санатындағы, қылмысқа бейім немесе жұмыссыз жастарды, жалпы айтқанда жастардың барлық тобымен жұмыс жүргіздік. Аталған маңызды іс-шаралар мереке аясында шектеліп қалмайды. Айта кетейін, қазір барлық аудандағы соның ішінде Қазалы ауданындағы екі Жастар ресурстық орталығы, «Байқоңыр» қалалық бөлімшесі мен Қызылорда қаласында «Qosyl» жастар орталығы біздің орталықтан негіз алады. Мүмкіндігінше әдістемелік көмегімізді беріп, іс-тәжірибелерімізбен бөлісіп келеміз. Жастарға берілген мүмкіндіктер арасында биыл Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын ерекше атауға болады. Енді жастар жоғары жалақы алып, уақытын білікті маман болуға арнай алады. Одан бөлек жастарды маусымдық жұмыспен қамту, жастар денсаулығына байланысты бастамаларды көтеру, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жергілікті жерде жүзеге асып жатқан бизнес-идеяларды қолдау, жастардың бизнес жобаларына инвестиция тарту, қаржылай демеу көрсету бағытында бірқатар жобаны қолға алдық. Өздеріңізге белгілі жақында мемлекеттік оқу грантынан бөлек, облыс әкімінің жүз оқу гранты тағайындалды. Қай жерде жастардың сұранысы жоғары болса, біз барлық мүмкіндікті қарастыруға даярмыз. 

−  Жұмыспен қамту – қоғамда жиі талқыланатын тақырыптың бірі. Бұл мәселені оңтайлы шешудің жолы қандай?

– Жұмыссыз жастар мәселесі назардан тыс қалған емес және бұл үрдіс жылдар бойы жалғаса береді. Себебі әр жыл сайын қоғамға жаңа буын өкілі қосылады. Олар да білім алып, жаңа кезеңге аяқ басқан соң жұмыссыздық мәселесіне кездесуі ықтимал. Аймақта сапалы білім алуға мүмкіндік бар екенін ескерсек, екі қолға бір күрек табу мәселе болмауы тиіс. Әрі біз маусым сайын бос жұмыс орындарын іздестіріп, жастарға ұсынып келеміз. Сол үшін мәселені шешу барысында жастардың қарым-қабілетін, еңбекке араласуға деген құлшынысын да ескеру керек.  Сондай-ақ жұмыссыздық мәселесі барлық аймақта кездеседі. Тәжірибеден байқағанымыздай, жұмыссыздықпен күресу үшін жаппай кәсіпкерлікпен айналысу қажет. Бұл бағыт бойынша бізде мемлекеттік бағдарламалар жеткілікті. Ендігі міндет – жастарға сол бағдарламалар аясында әдістемелік көмек көрсетіп, бағдар беру. Бір қуантарлығы, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік саласында жастардың саны басым. Олардың кәсіппен айналысуға қызығушылығы жоғары және ғаламтор, түрлі әлеуметтік желілерде бастауыш кәсіпкерге керекті ақпараттар қолжетімді. Алайда мемлекеттік бағдарламадан грант иелену бір бөлек, оны қоғамға пайдалы ету басқа дүние. Сондықтан жастардың қаржылық, құқықтық сауатты болуына да көмектесіп, заман талабына бейімделуіне жағдай жасаудамыз.

– Ал аймақта NEET санатындағы жастарды анықтап, олармен тығыз байланыс орнату мақсатында қолға алынған жобаның нәтижесі қандай?

− Өңірде NEET санаттағы жастарды анықтау жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілді. Бірінші кезеңде облыс орталығының мамандары аудан әкімдігіне арнайы барып, салааралық байланысты нығайтуға жұмыс істеді.  Одан кейін әрбір үйді аралап, адрестік жұмыстардың нәтижесінде сауалнама толтыруға күш салынды. Екінші кезеңде сауалнама бойынша орталық мамандары сараптама жүргізіп, NEET санатындағы жастардың көрсеткішін анықтады. Алдағы уақытта аталған санаттағы жастармен жеке-жеке кездесулер ұйымдастырып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, шығармашылық қабілеттерін арттыру бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Осы тұста айта кету керек, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың әдістемесін дайындауда. Сондықтан NEET санатындағы жастардың санын анықтау жұмыстарын үлкен жоба болды десек қателеспейміз. Жыл басынан бері жүргізілген адрестік жұмыстар бойынша 450-ге жуық адам жұмылдырылып, 98 506 жастың өңірлік деректер қоры жасақталды. Барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен ұйымдастырылған үй-үйлерді аралау барысында жастардың әлеуметтік санаттары анықталып, бетпе-бет ақпарат алмасу процесіне арнайы әзірленген сауалнама бойынша ерікті түрде 87100 жас қамтылды. Қосымша тиісті мемлекеттік мекемелердің ұсынған (тоқсандық) 11406 жастың тізімі  жинақталды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен әзірленген NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық, есептеу әдістемесі мен жұмыс алгоритмдеріне сәйкес 98 506 жастың өңірлік деректер қоры жасақталды. Демек жоба аясында 60,8 пайыз жас жайлы ақпарат алынды. 

NEET санатындағы жастардың деректер қоры толығырақ тоқталып өтсем, өңірде 4184 жас жұмыссыз жас бар. Оның қатарында соңғы бір жыл ішінде оқуды аяқтаған колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері  − 1884 жас, мектептегі, колледжді немесе университетті тастап кеткен жастар − 291 жас, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастар − 296 жас, жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелген жастар − 1460 жас, мерзімді әскери қызмет өткеруді аяқтаған және жұмыссыз болып табылатын – 253 жас бар. Бұдан бөлек жұмыс істеу мүмкіндігінен айрылмаған мүгедек адамдар − 267 жас, белсенді емес – 1648 жас, оның ішінде алкоголь мен есірткіге тәуелді, созылмалы ауруға шалдыққан және тиісті оңалту емінен өтіп жатқан жастар да қамтылған. Жинақталған деректер қорында жұмыс немесе оқу іздеп жүрмеген жастар, үй жұмыстарымен айналысатын жастар, үй шаруасындағы әйелдер, оның ішінде келіндер, көп балалы аналар және жалғызбасты аналар да бар. 

– Жастардың ортасында жүрген соң олардың мақсаттары мен мәселелері сізге жақсы таныс. Айтыңызшы, жастардың қандай қасиеті көңіл қуантады? Қандай болмысы сізді қынжылтады?

– Бұл сауалыңызға толыққанды жауап бере алмаймын. Себебі өзім де жас буын өкілімін әрі бұл қызметте мен жастардың барлық тобымен дос болып, тіл табыса алуым қажет. Мейлі ол жетістікке жеткен жас болсын немесе ол қылмыскер болуы да мүмкін. Бізге аға буын өкілдері сын айтып, кеңес берсе, оның жөні бір бөлек. Сондықтан тек ішкі ахуалға тоқталып өткенім жөн тәрізді. Менің ойымша, қазіргі кезең жастар, яғни біздер үшін мүмкіндіктер уақыты. Соған сай жастар білімге, ғылымға, бәсекелесіп дамуға бейім және жетістікке жетуге қабілетті. Мұны жаңа буынның нәтижелі жұмысына, көпті мойындатқан жеңісіне қарап айтуға болады. Орталыққа келетін жастардан да осы тенденцияны байқаймыз. Осы тұста мына жайтты баса айтқым келеді, орталық тек көшбасшы жастармен ғана жұмыс істемейді. Мұнда әлеуметтік осал топтар, мүмкіндігі шектеулі, жұмыссыз жастар да бар. Біз олардың әрқайсысына жеке көңіл бөліп, дамуына, қабілетін одан әрі шыңдауына, мотивация беруге ерекше мән береміз.

– Қоғамда «жастар ауылдан қашады» пікір қалыптасқан. Көпшіліктің ойына келісесіз бе? Бүгінде аудан, ауыл жастарымен жұмыс қалай жүргізілуде?

– Иә, жастардың көп жағдайда ауылға барғысы келмейтіні рас. Ауыл қазақтың түп қазығы, алтын бесігі десек те, жастардың ол жаққа бармауының негізгі себебі бар. Ең алдымен қалада білім алуға келген ауыл баласы үшін мүмкіндіктер есігі ашық. Ол тіл үйреніп, жаңа курсқа қатысып, кәсіп ашқысы келсе еш кедергісіз бара алады. Осындай жағдай жасалған ортадан алшақтау кез келген жасқа оңай емес. Соңғы уақытта ауылдық жерлерде де жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылуда. Сондықтан «жастар ауылдан қашады» деген пікір көп ұзамай маңызын жояды деп ойлаймын. 

Орталық тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталсам, аудан, ауыл жастары ұмыт қалған емес. Аймаққа қарасты жеті аудан болса, әр ауданда ресурстық орталықтары бар және ауылдық округтерде жастармен жұмыс істейтін арнайы маман­дар бекітіл­ген.

 – Жуырда іске қосылған «Сыр жастары» порталының жұмысы қалай жүргізілуде?

 – «Сыр жастары» порталы жастар игілігіне берілді, бірақ әлде де сайтты жаңа функциялармен толықтырудамыз. Облыстық сайтта барлық бос жұмыс орындарының тізімі, мемлекеттік бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар, үйірмелер туралы ақпараттар орналасқан. Аймақты түгел қамтыған соң жастардың байланыс нөмерлері де жазылуда. Ең бастысы, call орталығы іске қосылды. Енді аудандағы жастар да кез келген уақытта хабарласып, мәселені бізбен бірлесе шеше алады. 

− Соңғы сауалдың кезегінде алға қойған жоспарларыңызды білсек дейміз...

Жастар үшін жасалатын маңызды жобалардың саны өте көп. Біз мүмкіндігімізше жоғарыда айтылған бағыттар бойынша жұмыс жасап, бірқатар жаңа идеяларды қолға алмақшымыз. Мысалы, жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жастар арасында фестиваль өткізу, білімге құштар жастарды қолдау мақсатында «Жас ғалым – 2022» жобалар байқауын ұйымдастыру, кәсіпкерлікке бейім жастарға бағыт беру үшін бизнес лагерін ұйымдастыру жоспарда бар. Сондай-ақ қоғамға шын жанашыр еріктілерді ынталандыру мақсатында «Жыл волонтері» байқауын өткізгелі отырмыз. Аталған жобаларды ойдағыдай атқара алсақ, жыл соңында жастар үшін өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

− Сұхбатыңызға рақмет!

Өзгелердің жаңалығы