Семейде 47 жастағы әйелдің ішінен 6 келілік ісік алынды

Құрсақ қуысынан шамамен 7 литр сұйықтық алынып, пациенттің жағдайы жеңілдетілді.

Бүгiн 2026, 10:59
АВТОР
 Ядролық медицина және онкология орталығы Бүгiн 2026, 10:59
Бүгiн 2026, 10:59
140
Фото: Ядролық медицина және онкология орталығы

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында онкологтар 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 килограмнан асатын ісікті сәтті алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам ешқандай шағымы болмағандықтан, ұзақ уақыт бойы гинекологиялық тексеруден өтпеген. Алайда осы жылдың ақпан айында қаладағы клиникалардың біріне пневмониямен түскен кезде, жүргізілген тексерулер барысында ірі өскін анықталған.

Осыдан кейін пациент қосымша тексеру мен ем алу үшін Ядролық медицина және онкология орталығына жолданды. Орталыққа келген кезде ол ішінің үлкеюіне және тәбетінің төмендеуіне шағымданған.

Орталығымызға келген пациентке тексеру кезеңінде дәрігерлер лапароцентез жүргізді. Бұл жарақаты аз процедура, оның барысында құрсақ қуысынан шамамен 7 литр сұйықтық алынып, пациенттің жағдайы жеңілдетілді. Одан кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі ота барысында хирургтар диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм ісікті алып тастады. Негізгі диагноз - сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі. Мұндай эпителиалдық жаңа өскін ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз дамуы мүмкін. Дәл осы жағдай біздің пациентте де байқалды. Ол қалыпты өмір сүріп, денсаулығындағы күрделі мәселе туралы білмеген, - деп хабарлады орталық өкілдері.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, отадан кейінгі оңалтудан өтуде.

Еске салайық, бұған дейін «өзім емделемін» деген келіншектің ісігі 25 келіге жеткен: дәрігерлер бірегей ота жасады.

Тағы оқи отырыңыздар:

Түркістанда жантүршігерлік оқиға: 9 айлық сәби ине жұтып қойды

Абай облысында зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды

Қан арқылы қатерлі ісікті ерте анықтау: Қазақстанда жаңа әдіс енгізілді

Наверх