Қызылорда облысында 32 шақырым электр желісі жаңаланды

13 Қараша 2023, 08:10
595
Бөлісу:
Қызылорда облысында 32 шақырым электр желісі жаңаланды
Фото: дереккөз

Биыл Қызылорда облысында 32 шақырым электр желісі жаңаланды. 27 қосалқы станция құрылғысы ауыстырылып, 55 трансформатор қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мақсатқа бюджеттен 3,7 миллард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Жаңақорған ауданындағы 167 шақырым электр желісі жаңадан салынып жатыр. Мұндай жұмыстар Амангелді, Шаған ауылдары мен Шиелі, Әйтеке би кенттерінде де басталды. Өңірде энергия ысырапын азайту ісі келер жылы да жалғасын табады. Ол үшін облыстық бюджеттен бір жарым миллард теңге бөлінеді. Осылайша электр желілерінің тозу деңгейін алдағы жылдары 15-20 пайызға дейін төмендету жоспарланған.

Энергия ысырапы бұған дейін 20 пайыздай болатын болса, соны 14,9 пайызға дейін төмендейтін болады. Сонымен қатар биылғы жылға жалпы электр желілерінің тозуы 68 пайыз болса, жаңа айттық 3,7 миллард теңге қаржы бөлінді. Соған жұмыстар жүргізілді. Соның есебінен 2 пайызға төмендеді, - дейді энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы