Қызылорда облысында 3 медициналық нысан салынады

6 Сәуір 2023, 05:20
884
Бөлісу:
Қызылорда облысында 3 медициналық нысан салынады
Фото: adyrna.kz

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында көпсалалы аурухана мен Қан орталығының құрылысы жалғасуда. Мұнан бөлек, Шиелі ауданының Досбол би ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде аймақтарда медициналық нысандар құрылысын салуды жалғастыру көзделген. Оның ішінде Қызылорда және Павлодар облыстарында көпсалалы аурухана, Қызылорда қаласында Қан орталығының құрылысын жалғастыру жоспарлануда, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Аталған жоба аясында Қызылорда облысында алдағы 3 жылда 27 денсаулық сақтау нысаны салынбақ. Атап айтқанда, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет құрылысының тізімі Үкімет қаулысына енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы