Қызылорда облысы Полиция департаментіне жаңа басшы келді

11 Мамыр 2023, 19:29
2291
Бөлісу:
Қызылорда облысы Полиция департаментіне жаңа басшы келді
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы ПД-нің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов тағайындалды. 

Ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгін Қызылорда облысының активі өтті. 

ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге ПД-нің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды. 

Полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов 1962 жылы туған. 

1990 жылы инженер мамандығы бойыша Қазақ политехникалық институтын бітірген, 

2001 жылы – заңгер мамандығы бойынша Орта-Азия университетін тәмамдаған. 

Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған. 

Жауапты басшылық қызметтерде болған. 

2016 жылдан бастап БҚО ПД бастығының қызметін абыроймен атқарған.

Өзгелердің жаңалығы