Қызылорда облысы. Абай және Досан елді мекендері табиғи газға қосылды

27 Желтоқсан 2023, 11:53
3223
Бөлісу:
Қызылорда облысы. Абай және Досан елді мекендері табиғи газға қосылды
Фото: ҚазТрансГаз Аймақ

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда қаласының Абай және Досан елді мекендерін табиғи газға қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Абайда – 2 519, Досанда 873 тұрғын бар. Аталмыш жобаны жүзеге асыру арқасында жоғарыда аталған елді мекендердегі 592 үйге табиғи газ беруге мүмкіндік туды.

Қызылорда облысы. Абай және Досан елді мекендері табиғи газға қосылды

Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылығы көп. Көгілдір отын – адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін, оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, газдан ажырату автоматикасы бар дабылқаққыштарды орнату қауіпсіздік кепілі болып табылады. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды – деп атап өтті директордың бірінші орынбасары Олжас Исмалаев.

Қызылорда облысы. Абай және Досан елді мекендері табиғи газға қосылды

Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы облыстағы 130 мыңнан астам тұтынушыны, 2 496 коммуналды-тұрмыстық кәсіпорынды және 224 ірі кәсіпорынды газбен қамтамасыз етіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы