Қызылорда: Халықаралық автожол бойында 9 жоба іске қосылды

27 Ақпан 2022, 18:10
1552
Бөлісу:
Қызылорда: Халықаралық автожол бойында 9 жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туризм саласының дамуына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы жол маңы сервистік қызмет көрсету кешендерінің салынуы оң ықпалын тигізуде.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалы, жергілікті әкімдіктермен келісілген 55 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген.

Бүгінде автокөлік дәлізінің бойында қала үлесіне тиесілі 9 жоба іске қосылып, негізгі капиталға 3 млрд. 570 млн теңгені құрайтын жеке инвестиция құйылды. Жаңадан 172 жұмыс орны ашылды.

Соның бірі, 2022 жылғы қаңтар айында пайдалануға берілген «Синойл» ЖШС-нің 1823 шақырымдағы «Д» санаты бойынша жанар-жағар май құю бекеті 25 жұмыс адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1801 шақырымында «Автогаз Трэйд» ЖШС-нің «Д» санатындағы жанар-жағармай, газ құю бекетінің құрылысы жүргізілуде. «Автогаз Трэйд» ЖШС-нің облыс аумағында 3 аталған бағыттағы 3 нысаны халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, 1802 шақырымдағы «Қазақстан Еуразиялық транспортты логистикалық компаниясы» ЖШС-нің «В» санатындағы жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, қала әкімдігімен 1801 шақырымнан бастап 1835 шақырымға дейін жол бойы сервистік кешендері бойынша аралап талдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы