Қызыл кітапқа енген құс контрабандалық жолмен шетелге шығарылмақ болған

27 Қыркүйек 2023, 09:08
543
Бөлісу:
Қызыл кітапқа енген құс контрабандалық жолмен шетелге шығарылмақ болған
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ителгі құсы контрабандасының жолы кесілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 17 қыркүйекте Атырау қаласының әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізді. Операция барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтары ұсталды. 

Қызыл кітапқа енген құс контрабандалық жолмен шетелге шығарылмақ болған

Қылмыстық пиғылы бойынша құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған. Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы