Қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін кәсіпорындар 10 млрд теңге бөлді

6 Наурыз 2023, 20:20
1394
Бөлісу:
Қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін кәсіпорындар 10 млрд теңге бөлді
Фото: Baribar.kz

Зауыт жұмысшылары, кеншілер, металлургтер, құтқарушылар «Корпоративтік» өнім арқылы қолжетімді баспана сатып ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Отбасы банкінің («Байтерк» холдингінің еншілес ұйымы) жобасы. Ол жеке компанияларға, кәсіпорындарға, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарға мемлекеттік бағдарламаларды айналып өтіп, жұмысшыларды жеңілдетілген несиелік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Корпоративтік өнім Қарағанды, Ақтау, Павлодар, Тараз қалаларындағы түрлі компания қызметкерлеріне қоныс тойын тойлауға көмектесті.

Алматыдағы «Qazinterservice» ЖШС қызметкерлері жақын арада баспана мәселесін шеше алады. Жуырда ғана Отбасы банк аталмыш компаниямен келісімшартқа отырған. Оның аясында кәсіпорын 250 млн теңге бөліп отыр. Қаражат Отбасы банкінен несие алу кезінде қызметкерлердің алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға жұмсалады.

Өйткені, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің шарты бойынша, қолжетімді несие алу үшін банктегі депозитте баспана құнының кем дегенде 50 пайызы болуы керек. «Qazinterservice» ЖШС бұл жағдайда әріптестеріне қолдау көрсетуге және бастапқы жарнаға көмектесуге дайын.

Егер болашақ заемшы жаңа баспана сатып алса, онда несие мөлшерлемесі 7 пайызға тең болады. Егер пәтер екінші нарықтан сатып алынса, онда несие 7,5%-дан 8,5%-ға дейін беріледі.

Әр компания өз қызметкері үшін бастапқы жарнаның қандай бөлігін жинауға көмектесетінін дербес шешеді. Бұл 20% немесе тіпті 30% болуы мүмкін. Жұмыс берушінің мұндай қолдауы жеке баспанаға жету жолын айтарлықтай қысқартады, яғни серіктестік қызметкерлері көп ұзамай қоныс тойын тойлай алады. Яғни Отбасы банкінің «Корпоративтік» өнімі түрлі компанияларға өз қызметкерлерінің баспана мәселесін жылдам шешуге мүмкіндік береді. Ал бұл әлеуметтік пакетті нығайтып, құнды кадрларды ұстап қалудың бірден бір жолы. Бүгінгі күні «Корпоративтік» өнімнің көмегімен Қазақстан бойынша 1000-ға жуық адам баспана сатып алды. Биылғы жылы да біз жаңа қоныс тойларын қуана күтіп отырмыз, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Корпоративтік» өнімі Отбасы банкінде 2019 жылы пайда болды. Бағдарлама икемді шарттарымен ыңғайлы. Сондықтан компаниялар қалауы бойынша өздеріне қолайлы жоба нұсқасын құра алады. Мысалы, кәсіпорын несиелендіру барысында бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін немесе бастапқы жарнаны 0%-дан 10%-ға дейінгі аралықта беру үшін қаражат бөле алады. Сондай-ақ кейін сатып алу арқылы жеке меншікке өтетін жалдамалы пәтерлер алуға да ақша бөлуге болады. 

Осы уақытқа дейін корпоративтік өнімнің көмегімен «Қаражанбасмұнай», «ERG» компанияларының қызметкерлері, Қарағанды ​​облысының кеншілері мен металлургтері, Абай ауданының құтқарушылары баспанаға ие болды. 

Өзгелердің жаңалығы