Қызмет атқару кезінде учаскелік полиция қайтыс болды

20 Ақпан 2023, 10:15
1098
Бөлісу:
Қызмет атқару кезінде учаскелік полиция қайтыс болды
Фото: Қарағады облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қарағандыда полиция қызметкері қызмет атқару кезінде учаскелік полиция пунктінде қайтыс болды,деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, полицияның учаскелік пункттерінің бірінде сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген.

Көп ұзамай полиция қызметкері кенеттен қайтыс болған.

Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалғанын айтады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы