Қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды

2 Ақпан 2023, 10:05
1418
Бөлісу:
Қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды

Біздің команда Исландияны 7-0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионат Болгарияның София қаласында өтті. 

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.

Осыған дейін олар Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) командаларын ұтты.

Өзгелердің жаңалығы