Қыздар хоккейінен халықаралық жаттығу лагері ашылды
20 Мамыр, 22:50 578

Қыздар хоккейінен халықаралық жаттығу лагері ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қыздар хоккейінен халықаралық жаттығу лагері ашылды.

Халықаралық лагерьге еліміздің аз қамтылған отбасыларының жас хоккейшілері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, АҚШ елдерінің хоккейші қыздары қатысады. Хоккей лагері осы жылдың 20-25 мамыр аралығында өтеді.

Қыздар хоккейінен халықаралық жаттығу лагерінің ерекшелігі – қатысушылар қатарында еліміздің және шет ел жас спортшыларының бір мұзайдында кәсіби жаттықтырушыларымен жаттығу сабақтарын өткізу.

Қыздар арасындағы хоккей лагерінің мақсаты - қыздар мен жас өспірімдер арасында хоккей спортын насихаттау. Қазақстанның жас спортшыларына тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беру. Шет елдердің танымал жаттықтырушыларымен және спорт менеджерлерімен байланыс орнату, сондай-ақ отандық қыздар хоккейін халықаралық деңгейде насихаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, - деді «Әйелдер хоккей академиясы» әлеуметтік жобасының негізін қалаушы Бұлбұл Қартанбай.

Лагерь бағдарламасы: 

- Қазақстандық «Барыс» хоккей клубының мұзайдынында  күнделікті жаттығулар;

- Кәсіби спорт жаттықтырушыларының жетекшілігімен теория сабақтары;

-Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешеніндегі жалпы физикалық жаттығулар;

- Нұр-Сұлтан қаласы көрікті және тарихи нысандарына экскурсиялар.

Лагерьдің барлық тәрбиеленушілері Қыздар хоккейінен халықаралық лагеріне қатысқаны үшін диплом мен медальға ие болады.

Біз еліміздің қыздар арасындағы хоккей спортының деңгейін көтеріп, оны халықаралық деңгейде насихаттағымыз келеді. «Қыздар хоккей академиясы» әлеуметтік жобасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық байқауынан соң 2021 жылы құрылып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен ынтымақтастықта жүзеге асырылып келеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...