Қыз алып қашу дәстүр ме, қылмыс па? – Тоқаев ойын айтты

15 Наурыз 2024, 15:54
14743
Бөлісу:
Қыз алып қашу дәстүр ме, қылмыс па? – Тоқаев ойын айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қыз алып қашуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз, - деді Тоқаев.

Президент оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін атап өтті.

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар”. Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек, - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы