Қытайдың Орталық Азия елдеріне бағыттаған инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі – Тоқаев

25 Қаңтар 2022, 15:10
1949
Бөлісу:
Қытайдың Орталық Азия елдеріне  бағыттаған инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Біздің кездесуміз тарихи датаға - Орталық Азия мен  ҚХР-дың дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналып отыр. Біздің өзара ынтымақтастығымыздың тарихи тереңде жатыр. Біз орнатылған өзара ынтымақтастықтық пен қарым-қатынасты қадірлейміз. Си Цзиньпиннің төрағалығымен Қытай Халық Республикасы үлкен табыстарға жетті, - деді Тоқаев. 

Президент айтқандай, бүгінде Қытай барлық сала бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енеді. 

Қытайлық «экспресс» өте үлкен жылдамдыққа ие болып, бүтін өңірлерді өз артынан алып жүре алды. Оған Оталық Азияның елдері де жатады. Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жоғары сенім мен достық көршілік қарым-қатынасқа негізделген. 2019 жылдың қыркүйегінде менің Қытайға барған сапарымда Қытаймен мәңгі достық туралы жан-жақты келісімге қол қойылды. Бұл оқиға жаңа кеңістіктерді ашты, - деді Мемлекет басшысы. 

Ол атағандай, бүгінде екіжақты тауар айналым күн санап артып келеді. 

Өткен жылдың 11 айы бойы бойынша бұл көрсеткіш 17 млрд долларға өсті. Қытайдың Орталық Азия елдеріне құйылған 40 млрд доллар инвестицияның жартыс Қазақстанға тиесілі. Бұл да өте жоғары көрсеткіш, - деді Тоқаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы